Жастар біздің болашағымыз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Индер аудандық сотының ұйымдастыруымен «Көктем» орта мектебінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын түсіндіру және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының сот жүйесінде жүзеге асырылуын талқылау мақсатында дәріс сабағы өткізілді.

Шараға Индер аудандық сотының аға сот приставы Г.Егизбаева мен бас маман П.Имангалиева, оқытушылар құрамы мен ұстаздар қатысты.

Аға сот приставы Г.Егизбаева баяндамасында Елбасының халыққа Жолдауын түсіндіріп, оның ішінде 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытылатынын, ағылшын тілі кезең-кезеңмен енгізілу қажеттілігі,«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастағанын, тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар және кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс екендігі туралы атап айтқанын, сонымен қатар, «100 нақты қадамның» сот жүйесіне қатысты тұстарына ерекше тоқталды.

Шара соңында қатысушылар пікір алмасып, оқушылар да өз ойларымен бөлісті.

Қайнар: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі