Жылыой айдандық соты колледж студенттерімен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің тапсырмасы бойынша «Құқықтық сауатты арттыру айлығы» атауымен ақпараттық-насихат шараларын жүргізу тапсырмасы берілген болатын.

Осы орайда Атырау облысының Жылыой аудандық сотының ұйымдастыруымен «Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын түсіндіру және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының сот жүйесінде жүзеге асырылуын түсіндіру мақсатында кездесу шарасы өтті.

«Елбасы бастамалары – жарқын болашақтың қайнар көзі» атты тақырыпта дәріс оқыған сот төрағасының міндетін атқарушы Б.Дюсебалиева мемлекет басшысының мақалада айтқан ой-пікірлерін, ұсыныстарын талдап, көпшілікке жеткізе білді. Сонымен қатар, өз сөзінде ол 100 нақты қадамның сот жүйесіне қатысты тұстарына ерекше тоқталды.

Сонымен қатар судьялар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар және «Медиация туралы» ҚР Заңының сот тәжірибесінде қолданылуы  бойынша да түсіндіріп өтті.

Кеңсе меңгерушісі А.Жақсығұлова сот жүйесінің ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Сот кабинеті» электрондық сервисін пайдалану мүмкіндіктерін арнайы бейнеролик арқылы көрсетті. Сондай-ақ, «Сот кабинеті» сервисінің шеңберінде сот талқылауларына қатысушылар арасында бағалау жүргізіліп жатырғандығын, бағалаудың мақсаты - сот процесіне қатысушылардың сот талқылауларын  ұйымдастыру және өткізу сапасына қанағаттанушылық деңгейін зерделеу екендігін  атап өтті.

Кездесу соңында студенттер судьялардан өздерін қызықтырған барлық сұрақтарына жауаптар алды.

Қайнар: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі