Архив событий

17/04/2017

Мүлікті тәркілеу кезіндегі жаңа Қылмыстық Кодекс нормаларын қолданудың маңызды мәселелері талқыланды

17/04/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялардың және сот мамандарының қатысуымен тәркілеу кезіндегі жаңа Қылмыстық Кодекс нормаларын қолданудың маңызды мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Ювенальдық сотта жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында іс шара өтті

17/04/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың және қылмыстардың алдын алу мақсатындадөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға судьялар, сот қызметкерлері, Атырау облысының ішкі істер Департаментінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлары және «Қазақстанның Тәуелсіз Ұрпағы»үкіметтік емес ұйымының өкілі В.С.Клименко қатысты.

Судьяға Алғыс хат

17/04/2017

Атырау облыстық сотына Атырау облыстық сотының төрағасы М.Ж.Бектұрғанов және Махамбет аудандық сотының төрағасы Б.М.Қадырғалиевтың аттарынаазаматА.С.Калабаевтың атынан алғыс хат келіп түсті.

Хат авторы Атырау облысының Махамбет аудандық сотының судьясы А.У.Ерғазиеваның өзіне қатысты азаматтық істі жедел және әділетті қарап, өз кәсіби деңгейі мен шеберлігін, адами қасиеттері мен жауапкершілігін, сауаттылығын көрстіп, әділ сот төрелігін жүзеге асырғаны үшін зор алғысын білдірген.

Атырау тұрғыны супермаркетке жарылғыш зат салу туралы жалған хабар берген

17/04/2017

Атырау қаласының № 2 сотының тергеу судьясы террорлық акт туралы жалған ақпарат бергені  үшін «күзетпен ұстау» түріндегі  бұлтартпау шарасына 2 айға санкция берді.

П.Н.Қазақстан Республикасының ҚК-нің 273 бабымен, яғни дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлаужасағаны үшін күдіктінеді.

Заңсыз қару сақтағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

17/04/2017

Атырау облысыныңҚызылқоға аудандық сотында үйіндеқолдан жасалған атқыш қару табылған Миялы селосының тұрғыны А.С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен аталған қарудың ішкі істер органында тіркелмей сақталғаны анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақталып, әкімшілік іс қозғалған.

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін мойындап, қарудың өзіне атасынан қалғанын, үйінде тіркеусіз бесжылдай уақыт бойы тұрғанынайтады.

Үйдегі бар мүлікті балтамен қиратты

17/04/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотындаҚазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен А.С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Құқықбұзушы А.С. алкогольден мас күйінде үйіне келіп, әкесі С.Ж.-ны  балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, үйдегі мүліктерді балтамен сындырып, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен.