Архив событий

29/04/2017

Облыс соттарының қызметкерлері кезекті сенбілікке атсалысты

29/04/2017

Бүгін қалалық №2 соттың, экономикалық соттың және Махамбет, Жылыой,Мақат аудандық соттарының қызметкерлері сенбілік өткізді.

Көктем басталысымен дәстүрге айналатын сенбілікті сот қызметкерлері ерекше ынтамен өткізуге тырысты. Олар өз сот ғимаратына тиесілі аумақтарды тазалап, қоршаулар мен жарларды сырлап, егін көшеттерін отырғызды, ал бұрынғы талдардың түбін әктеп, суарды.