Архив событий

08/09/2017

Судья радио эфирінде

08/09/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы С.Кожахметова «Казахстан-Атырау» радиосында «Сот саласындағы ақпараттық технологиялар» тақырыбында тікелей эфирде болды.

Атырау қаласының №2 сотында құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

08/09/2017

Атырау қаласының № 2 сотында «Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру жүргізу бойынша өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға Атырау қалалық прокуратурасының, Атырау көлік прокуратурасының, Атырау облысының мамандырылған табиғат қорғау прокуратурасының, Атырау көлік прокуратурасының, Атырау облыстық ІІД-нің өкілдері, сонымен қатар Атырау қаласының № 2 сотының судьялары қатысты.

Сот ұжымымен «Отбасы күні» мерекесі қарсаңында «Алтын алқа» төсбелгісінің иесіне құрмет көрсетілді

08/09/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотының ұжымы "Аналар күні" мерекесіне орай көп балалалы А.Латидың отбасында болып, «Алтын алқа» белгісінің иегері 43 жасар жас ана Т.Ықсанды меркемен құттықтады.

 Сот төрағасы А.Досмагамбетова Т.Ықсанның отбасымен жақын танысып, жас ананық болашақ ұрпақ тәрбиелеуге қосқан үлесін атап, оған денсаулық, отбасылық береке тілеп, сыйлықтар табыс етті.