Архив событий

29/09/2017

Медиация-тиімді тәсіл

29/09/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасын талқылау бойынша «Медиация–тиімді тәсіл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға аудандық сот судьялары, Махамбет ауданы прокурорының орынбасары Ж.Ураков, Махамбет аудандық ішкі істер бөлімінің  тергеушілері А.Мусагалиев, Е.Ақкөзов және кәсіби емес медиатор Б.Ещанов қатысты.

Іс медиациялық келісімнің бекітілуімен қысқартылды

29/09/2017

Атырау облысының Мақат аудандық сотына талап қоюшы Ж.Г. жауапкер И.Т.-ға оқу кезіндегі алиментті өндіру туралы талабымен жүгініп, онда ата-анасының араларындағы неке бұзылғанын, жауапкер өзі 18 жасқа толғанша алимент төлеп келгенін, ал 2017 жылдың тамыз айында 18 жасқа толуына байланысты алимент төлеу тоқтатылғанын, өзі Орал қаласындағы университеттің күндізгі ақылы оқу бөлімінде оқып жатырғанын айтып, жауапкерден оқуын бітіргенше алимент өндіруді сұрады.

Тараптар сот отырысында медиациялық келісімді бекітіп, азаматтық істі өндірістен қысқартуды сұрады.

Ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушілік медиация жолымен шешілді

29/09/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен А.В.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы А.В. кешкі уақытта алкогольден мас күйінде үйіне келіп, еш себепсіз өзінің жолдасын балағаттап, жанұя тыныштығын бұзған.

Сот отырысында ерлі-зайыптылар татуласып, істі медиация тәртібімен тоқтату туралы өтініш берген.

Сот қаулысымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 64-бабына сәйкес, әкімшілік іс бойынша сот өндірісі тоқтатылды.

Жылыой аудандық сотының судьялары ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді

29/09/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотының төрағасы мен судьялары Жылыой ауданының Қаратон кенті тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс - шараның мақсаты Қазақстандағы қылмыстық процесті реформалау туралы халыққа түсіндіру болды.

Несие беруші мен кепілдік берушілер арасындағы дау медиация тәртібінде шешілді

29/09/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында талап қоюшы несие беруші «С»-ның жауапкерлер кепілдік берушілерге ортақ түрде несие шарты бойынша 52 991 275 теңге өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, несие беруші «С» несие алушы «К» ЖШС-не шағын несие беру үшін 60 миллион теңге берген. Сонымен қатар, несие шартын орындау мақсатында несие беруші, несие алушы және кепілдік берушілер арасында ортақ жауапкершілік туралы үш жақты кепілдік шарты жасақталған.

Атырауда шетел компаниясының қызметкерлері 56 миллионнан астам тұратын мыс сымдарды ұрлаған

29/09/2017

Атырау қаласының № 2 сотында жымқырған «Синапек Инжиниринг Групп» Қазақстан филиалының жүқ сақталатын контейнерлердің ішінен мыс  сымдарды жасырын жымқырған аталған компания жұмысшыларына қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.

Медиация-дауды шешу тиімді жолы

29/09/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында судьялардың, кәсіпқой емес медиаторлармен, аудандық ішкі істер бөлімі өкілдерінің қатысуымен «Медиация-дауды шешу тиімді жолы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында медиацияны азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша кеңінен қолдану қажеттілігі туралы айтылды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар істерді және дауларды шешуде медиацияны қолдану қажет деген ортақ пікірге келді.

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаларды толтыру мәселесі талқыланды

29/09/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаларды толтыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға аудандық сот судьясы Б.Менситова, кеңсе меңгерушісі Н.Жумабаев, Құрманғазы аудандық прокуратурасының прокуроры Ф.Аруов, Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ж.Жагыпаров, Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы М.Темиржанов, әскери бөлімінің «Ганюшкин» заставасының бастығы Б.Кусаинов, участкелік инспекторлар қатысты.

Мақат аудандық сотында кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

29/09/2017

Атырау облысының Мақат аудандық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Мақат аудандық құқық қорғау органдарының және БАҚ өкілдері қатысты.

Шараның мақсаты қатысушыларды Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңымен таныстыру болды.