Архив событий

26/09/2017

Атырау қалалық сотының судьясы «Заң қуаты» бағдарламасына қатысты

26/09/2017

Атырау қалалық сотының судьясы Қ.Б.Салықбаев «Заңды білу - заман талабы» тақырыбында «Қазақстан-Атырау» телеарнасының тікелей эфиріндегі «Заң қуаты» бағдарламасына қатысты.

Судья көрермендерге азаматтық істерді қарауда туындайтын негізгі мәселелер, заңдылықтарға енгізілген соңғы өзгерістер, сонымен қатар, сот шешімінің орындалуы туралы айтып өтті.

Тікелей эфирде судья көрермендермен қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.

Алқабилер соты өзінің жиені мен қарындасына азғындық әрекеттерді жасаған азаматқа қатысты үкім шығарды

26/09/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 121 бабының 4 бөлігімен сотқа берілген А.Р.-ға қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.

Сотпен анықталғандай, 2017 жылдың маусымы айында сотталушы А.Р.   үйінде жасы  кәмелетке толмағандар жиені (2012 ж.т.) Ф.А. және қарындасы (2004 ж.т.) М.А.-ның жалғыз өздері қалғанын пайдаланып, оларды қорқытып шешіндіріп және өзі де шешініп, соңғыларына қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттерді жасаған.

Комиссия шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі

26/09/2017

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі:

 

1. Қадыржанова Альбина Алпысбайқызы – Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің жетекші маманы лауазымына (С-R-5 санаты) – тұрақты орынға;

Ішімдік ішудің соңы кісі өлімімен аяқталды

26/09/2017

Б.А. өзінің танысы К.Р.-мен бірге спирттік ішімдік ішіп, араларында  жанжал туындаған. Жанжал кезінде Б.А. үстел үстінде тұрған пышақты алып, оның мойын жақ тұсына сұғып алған. Нәтижесінде К.Р. ауруханада қайтыс болған.

Басты сот талқылауында сотталушы Б.А. кінәсін толық мойындап, өзінің алкогольдік масаң күйде және ашулы болып, К.Р.-ға пышақ сұққанын, алайда оны өлтіруге ойы болмағанын айтып, жәбірленушінің туыстарынан кешірім сұрап, әрекетіне өкінетінін көрсетті.

Ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды

26/09/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 262 бабының 1 бөлігімен, 297 бабының 4 бөлігімен, 218 бабының 1 бөлігімен, 262 бабының 2 бөлігімен, 297 бабының 4 бөлігімен айыпталған Н.Ж., И.М., У.А., Н.Т. –ға қатысты қылмыстық іс қаралып, аяқталды.

Атырауда аудандық полиция басшысының орынбасары заңсыз көші-қон ұйымдастырғаны және пара алғаны үшін күдіктенуде

26/09/2017

Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясы  Жылой аудандық ІІБ бастығының орынбасары Р.И.-ға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі  бұлтартпау шарасына санкция берді.

Тергеу амалдарының дерегінше, Р.И. пара алғаны және заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін күдіктеледі.

Қылмыстық іс бойынша анықталғандай, полиция қызметкері Р.И. ҚХР азаматтарының Атырау облысы аумағында заңсыз қызметтерін ресмилендіріп, заңсыз көші-қонды ұйымдастырған.

Экономикалық сот жеке кәсіпкердің талап арызын қанағаттандырды

26/09/2017

Жеке кәсіпкер «Іңкәр» Э.С.Шауткенова «ИнтерСтройИнвест» ЖШС-не 414 563 тенге өндіру туралы сотқа арызбен  жолданып,  онда  29 қаңтар  2017 жылы «ИнтерСтройИнвест» ЖШС-мен SW-ISI-IE-2017-004 санды құрылыс құралдарын орнату жөнінде шарт жасақталғанын, алайда жауапкер осы шарттын талаптарына қарамастан, атқарылған жұмыстардын тиісті қаражатын төлемей отырғанын көрсетіп, жауапкерден 414 563 теңге  берешек соманы,  мемлекеттік баж салығын төлеу бойынша сот шығындарын өндіруді сұрады.