Архив событий

08/12/2016

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаның жәбiрленушiмен медиация тәртібімен татуласуына байланысты іс тоқтатылды

08/12/2016

А.К. 2016 жылдың қараша айында үйде, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы, бірге тұрып жатқан адамдарға сыйламаушылық білдіріп, жұбайы Г.С-ны балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, жанұя тыныштығын бұзып, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмайтын іс-әрекетті жасаған.

Сот отырысында А.К. кінәсін мойындап, алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде өз үйінде әйелі Г.С-ны боқтап-балағаттап, отбасы тыныштығын бұзғанын, іс-әрекетіне өкінетінін, кешірім сұрайтынын, алдағы уақытта мұндай жағдайдың қайталанбайтынын айтты.