Архив событий

30/12/2016

Құрметті Отандастар, қымбатты Атыраулықтар!

30/12/2016

Сіздерді келе жатқан жаңа 2017 жылмен өзімнің және Атырау облысының судьялар корпусы атынан шын жүректен құттықтаймын!

Өтіп бара жатқан жыл еліміздің саяси және экономикалық өмірінде жарқын жетістіктерге толы болды. Еліміз ширек ғасырлық белесінде   Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі тойын кеңінен атап өтті. Қазақстан БҰҰ-ның қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі атанды.