Архив событий

12/12/2016

Өзiн-өзi өлтiруге дейін жеткiзгені үшін кінәлі тұлғалардан моральдық залалдың өтемақысы өндірілді

12/12/2016

Атырау қалалық сотында талап қоюшы М - ң. жауапкерлер Д. және –А.К.-ден   материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы талабында  1993 жылы туылған жалғыз  ұлы - азамат М.-ны жауапкерлер өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізгені үшін Қазақстан  Республикасының ҚК-нің 105-бабының 2-бөліміне сәйкес кінәлі деп танылғанын көрсетіп, ұлының өлімі үшін жауапкерлерден моральдық зиян  өтемақысын  өндіруді сұраған.

Косметология қызметтерін көрсету туралы дау бітімгершілікпен аяқталды

12/12/2016

«N» ЖШС-гі жауапкер К.-ға 65 000 теңге көлеміндегі берешек  сомасын өндіру туралы талап қою арызымен Атырау қалалық сотына жүгінген.

Сот анықтағандай, жауапкерге талап қоюшы тарапынан  ақылы түрде косметология қызметтері көрсетілген. Алайда, жауапкер толық көлемде қызметтерді төлеу бойынша міндеттерін орындамау салдарынан 65 000 теңге көлемінде берешек пайда болған.

Ювенальдық сотта дау партисипативтік рәсім тәртібінде реттелді

12/12/2016

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Азаматтық процестік кодекстің жаңашылдықтарының бірі татуластыру рәсімдерінің және сот дауларын балама тәсілдерімен шешу аясының кеңеюін айтуға болады. Татуласудың жаңа тәсілі – партисипативтік рәсім енгізілді. Бұл сотқа қатысушылардың келіссөз жүргізу барысында дауды реттеуге адвокаттардың қатысуымен өтеді және мақсаты - екі тарапты да қанағаттандыратын тәсілмен дауды шешу болып табылады.

Дауды реттеудің тиімді әдісі қолданылды

12/12/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотында талап қоюшы «Қазақтелеком» АҚ-ның жауапкер Г.Куановадан 9 100 теңге берешек ақшаны өндіруді сұраған талап қою арызы бойынша қозғалған азаматтық ісі қаралды.

Даудың сот медиациясы тәртібінде реттелуі

12/12/2016

Атырау облысынының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Caspian Constructions Company Limited» ЖШС-нің «Жума-Сан» ЖШС-нен 3 700 005 теңге өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар медиациялық келісімге келіп, оны бекітіп беру туралы өтініш жасады.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен аталған азаматтық іс бойынша медиациялық келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Сот азаматтық іс бойынша тараптар арасындағы дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті

12/12/2016

«ИЕН» ЖШС-гі сотта «Нур Транс Сервис» ЖШС-не талап қойып, одан өз пайдасына 16 510 650 теңге берешек сомасын өндіруді талап етті.

Сотта талап қоюшының мүддесін адвокат Ж.Сундеткалиева, ал жауапкердің мүддесін адвокат И.Вранчев қорғады.

Іс бойынша сотта іс жүргізу барысында талап қоюшы мен жауапкер екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен өзара келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз партисипативтік рәсім өткізіп, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасты.

Төменгі бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурстуралы хабарландыру

12/12/2016

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

C-R-5 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; 

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.