Архив событий

07/12/2016

Тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде туындайтын мәселелер бойынша дөнгелек үстел

07/12/2016

Атырау қаласының №2 сотымен тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде туындайтын мәселелер бойынша дөнгелек үстел өткізілген.

Аталған дөнгелек үстелге қалалық прокуратураның, қалалық ІІБ-ның, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  өкілдері  және т.б. қызметкерлер қатысты.

Сот шешімін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды

07/12/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен құқықбұзушы А.С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы А.С. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап қоюшы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның пайдасына 2 901 496 теңге өндіру туралы сот шешімі бойынша берілген атқару парағын орындамаған.

Сиырды автокөлігімен қағып керткен

07/12/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен Б.Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Б.Ж. Атырау-Индер тас жолы тұсында «Volkswagen Sharan» маркалы автокөлігін басқарып келе жатырып жол қауіпсіздігін қадағаламай, алдында тұрған кедергіні айналып өтпей, ірі-қара сиыр малына соқтығыс жасап, нәтижесінде сиыр малының иесі М.Д.-ға материалдық шығын келтірген.

Болашақ заңгерлерге қылмыстық іс бойынша көрнекі сот отырысы көрсетілді

07/12/2016

Төрағалық етуші Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Т.Нуримова және қылмыстық процеске қатысушылармен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297 бабының 3 бөлігінің 1,3 тармағымен айып тағылған М. және Е.-ге қатысты қылмыстық іс бойынша көрнекі сот отырысы көрсетілді.

Қылмыстық процеске Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері мен заң факультетінің мұғалімдері қатысты.

Сот ғимаратында рұқсатнамалық тәртіптеме Ережелерін зерделеу

07/12/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотында сот және мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлерінің қатысуларымен «Сот ғимаратында  рұқсатнамалық  тәртіптеме Ережелерін  зерделеу» тақырыбында дөңгелек үстел  өтті.

Ата-ананың балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік

07/12/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен 2006 жылы туылған кәмелетке толмағанның анасы азаматша С.Ш.-ға  қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Сотта құқықбұзушының үнемі алкагольдік ішімдік ішіп кәмелетке толмаған қызының тәрбиесімен жетік айналыспайтыны, тәртібін қадағаламайтыны, баласының  денсаулығына көңіл бөлмейтіні анықталды, яғни кәмелетке толмаған қызын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін  орындамаған.

Темекі қалдығы үшін бес тәулік қамаққа алынды

07/12/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының қаулысымен азамат С.Б. ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабы 2 бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

Жалпы конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

07/12/2016

Конкурс комиссиясының шешімі негізінде  Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

 

1.     Султанғалиева Айкөркем Аманқосқызы

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру

07/12/2016

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру

07/12/2016

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: