Архив событий

21/12/2016

Кылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

21/12/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 1 бөлігімен Ө.С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы Ө.С. Мақат кентіндегі «Жадыра» құрылыс дүкенінің сөресінде тұрған «Samsung J2» маркалы ұялы телефонды алып, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.

Сотта Ө.С. жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласты.      

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру

21/12/2016

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру

21/12/2016

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Тонаушы пластикалық ыдыс пен қайық моторын ұрлады

21/12/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3) тармағымен В.Ч.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Cотта анықталғандай, сотталушы В.Ч. 2016 жылдың қараша айында алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде көршісінің қоймасына кіріп, «Ямаха-эндуро 15» қайық моторын және 50 литрлік пластикалық ыдысын алып шыққан.

Отбасы сақталып қалды

21/12/2016

Талап қоюшы З.Г. өзінің уәждерін келтіріп, жауапкер А.Т-мен араларындағы некені бұзу туралы сотқа арыз берген. 

Сот талқылауын дайындау барысында тараптар істі қарап жатқан судьяның медиация өткізуіне өтініш жасап, нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеді.

Атырау облысының соттарында Тәуелсіздіктің 25- жылдығының тойлануы

21/12/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ж.Жақсылық судьялар мен сот қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мерекелік жиында сот төрағасы Ж.Жаксылык 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің жариялағанына 25 жыл әрбір қазақстандық үшін елеулі күн екендігін атап айтты.

Әкімшілік соттың басқа да судьялары құттықтау сөз сөйледі.