Архив событий

14/12/2016

Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік тірегі – тілім менің» тақырыбында сайыс өткізілді

14/12/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай тәуелсіздігіміздің жеті игілігінің бірі – төл мәдениетіміз бен ана тіліміз екенін насихаттау және  бүгінгі ұрпаққа тәуелсіздікті сақтау мен нығайтудың ерекше тарихи жауапкершілігі жүктелгенін ұғындыру мақсатында  «Тәуелсіздік тірегі – тілім менің» тақырыбында сайыс өткізілді.

Ішімдікке салынған әйелді мәжбүрлеп емдетуге жіберді

14/12/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Атырау облыстық наркологиялық диспансерінің алкогольдік дертке шалдыққан науқас Е.А.-ны наркологиялық ұйымға оның келісімінсіз 6 ай мерзімге мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, науқас Е.А. 2009 жылдан бері Атырау облыстық наркологиялық диспансеріне есепке алынған, өздігінен емделуден бас тартқан, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, наркологиялық сараптама қорытындысы бойынша «алкоголь тұтыну тәуелділік синдромы» деген қорытынды берілген.

Еңбек кітапшасын қалпына келтірді

14/12/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында арызданушы А.Р.-дың арызы бойынша еңбек қатынасы заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық ісі қаралды.

Лицей оқушыларымен өткен кездесу

14/12/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотының судьясы А.Куспановтың төрағалық етуімен Индер аудандық қылмыстық атқару инспекциясының ұсынымы бойынша сот үкімімен тағайындалған шартты жазаны бас бостандығынан айыру жазасына өзгерту туралы сотталған А.К.-ға қатысты материал  қаралды.

Сот отырысына № 8 лицей оқушылары  мен  Индер аудандық Пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар шақырылды.                  

Конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі

14/12/2016

 

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі: