Архив событий

27/12/2016

Конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі

27/12/2016

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі:

1. Салыкова Гульназ Ержановна - Атырау облысы бойынша соттар әкімшісінің құажаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы лауазымына (С-О-5 санаты) – тұрақты орынға;

Отбасы сақталды

27/12/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотына талап қоюшы У.Н жауапкер М.И. арасындағы некені бұзу туралы талабымен жүгініп, 30 жылдан астам отасқандарын, сол мезгіл ішінде 7 балалы болғанын көрсеткен.

Араларында үнемі ұрыс-керіс, жанжал болғандықтан өзі уақытша туыстарының  үйінде тұруға мәжбүр болғанын айтып, соттан некені бұзуды сұрады.

Соттың 07 қараша 2016 жылғы ұйғарымымен тараптарға татуласу үшін 1 ай мерзім берілді.

Кемемен серуендеу төбелеске ұласты

27/12/2016

Азамат Р.Т. жұбайы, достары және балаларымен бірге Жайық өзенінің бойымен серуендеуге алдын-ала жалға алып қойған «Бекет» кемесіне отырып, кеме серуендеуге аттанбастан бұрын досы А.К.-ның ұялы телефонына қоңырау шалып, өздерімен бірге серуендеуді ұсынған. А.К. бұл ұсынысқа келісіп, достарына қосылған.

Содан кемеде жайылған дастархан басында арақ спирттік ішімдігін ішу барысында Р.Т.-ның досы Ж.Ж. өздігінен балағат сөздер айтып отырған. А.К. ескету жасаған кезде Ж.Ж. екеуінің арасында жанжал туындаған

Сот қылмыстық істі медиация тәртібімен қысқартты

27/12/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-тің 188 бабы 1 бөлігімен У.А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы У.А. Мақат кенті А.Жұмашева көшесі 68 үй 3- подъездінің бірінші қатарында баспалдақ тіреуіне құлыппен кілтеп қойған «Stels 300» маркалы сұр көк түсті велосипедті жасырын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.

Пиротехниканы пайдаланғаны үшін айыппұл

27/12/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 436-бабының 2-бөлігімен (жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық құрылғыларды жару) құқықбұзушы М.- ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы М. 2016 жылдың қараша айында Атырау қаласындағы Құрманғазы мәдениет үйі тұсында орналасқан саябақтың ішінде пиротехникалық құрылғыны пайдаланған.

Сотта абысын мен келіні татуласты

27/12/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық соты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108 бабы бойынша азаматша Б.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Іс материалдарынан анықталғандай, азаматша Б. Құлсары қаласы СМП-224 шағын ауданында орналасқан «Балзия» азық-түлік дүкені ішінде келіні С.-мен сөзге келіспей, оны балағаттап, артынан қол жұмсауға ұласқан.

Жәбірленуші дене жарақаттарын алған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындысы

27/12/2016

Атырау облыстық аудандық және оған тенестірілген соттарының судьялары және сот қызметкерлерінің ішкі талдау нәтижелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындысы (2016 жылдың 27 желтоқсандағы жағдайы):

-    Сот қызметін қозғайтын нормативтік- құқықтық актілері бойынша құқық бұзушылық туралы акпарат болмады;

-  Сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша Атырау облысының аудандық және оған тенестірілген соттарының судьялары және сот қызметкерлерінің қызметтері толықтай қаралды;