Архив событий

09/12/2016

Ішкі конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

09/12/2016

Конкурс комиссиясының шешімі негізінде  Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

1.       Нәсіпқали Гүлнұр Нәсіпқалиқызы

Конкурс бойынша комиссия шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі

09/12/2016

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс бойынша комиссия шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі:

1. Султанғалиева Айкөркем Аманқосқызы – Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты кеңсесінің бас маман – сот мәжілісінің хатшысы лауазымына (С-R-4 санаты) – тұрақты орынға;

Анасы мен қызы сотта татуласты

09/12/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) азаматша М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Заңсыз балық аулағаны үшін айыппұл төлейтін болды

09/12/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383 бабының 3 бөлігімен азамат Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, 2016 жылдың қараша айында  құқықбұзушы Т. балық аулауға тиым салынған жерден балық аулап, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 383 бабының 3 бөлігінде көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық әрекет жасаған.

Сот қарыз ақшаны өндіру туралы арызды қанағаттандырды

09/12/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық сотына талапкер «Қазақтелеком» АҚ-ы  жауапкер У.-дан 20 702 теңге қарыз сомасын және 621 сот шығынын  өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Жауапкерге бірнеше мәрте қарызын төлеу туралы талапкер тарапынан хабарламалар жолданған, алайда  жауапкер қарыз сомасын уақытылы төлемеген.

Сот тараптардың түсініктерін тыңдап, дәлелдемелерді зерттеп, талапты қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

Сотпен медиациялық келісім бекітілді

09/12/2016

«Прогресс Торг» ЖШС-гі сотқа «ДСУ «КасТаДор» ЖШС-нен  13 943 820 теңгені өңдіруді туралы талап арызбен жүгінді.

Сот отырысында тараптардың өкілдері соттан тараптар арасында жасақталған дауды медиациялық тәртіпте реттеу туралы келісімді бекітіп, азаматтық істі өндірісімен тоқтатуды сұрады.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен дауды медиациялық тәртіпте реттеу туралы келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірісімен қысқартылды.

Сот азаматтық іс бойынша тараптар арасындағы дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті

09/12/2016

Ауданаралық экономикалық сотына талап қойып, «ХиуазМегаҚұрылыс»  ЖШС-нен өз пайдасына 1 002 125  теңге берешек сомасын өндіруді талап етті.

Сот отырысында тараптар сотқа  екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен өзара келіссөздер жүргізу арқылы жасақталған партисипативтік келісімді ұсынды.

Сот құқықбұзушыға ескерту жасады

09/12/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен М.Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Ресей Федерациясының азаматы М.Б. осы жылдың қараша айында Махамбет ауылында тұратын өзінің апасы М.С.-ның үйіне барып, оны ешбір себепсіз боқтап-балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, сыйламаушылық көрсеткен.

Жол полициясы қызметкерлерінің талабын орындамаған

09/12/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 613 бабының 1 бөлігімен Е.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Е.А. 2016 жылдың қазан айында Махамбет ауданы, Абай көшесінде орналасқан «Жайық-1» дүкені тұсында «Ваз 21144» автокөлігін басқарып келе жатырып, қызыл жезлмен, ысқыртқымен автокөлігін тоқтатқан кезде тоқтамай, жол полиция қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамай, тоқтамаған.