Архив событий

20/12/2016

Медиациялық келісім бекітілді

20/12/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотында талап қоюшы «ИндерТек» ЖШС-нің жауапкер А.Т.-дан 7500 тенге берешекті және 227 сот шығынын өндіру туралы талап арызы қаралды.

Сот отырысында жауапкер талап арызды толықтай мойындап, онда  келісім шарт негізінде тұрмыстық қатты қалдықтар қызметі үшін бережақ болғанын, алайда қарыз ақшасын 15 желтоқсанға дейін қайтаратынын айтып, істі қысқартуды сұрады.

Сот отырысында тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім ұсынды.

Сотта дөңгелек үстел өтті

20/12/2016

Атырау облыстық сотында Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен «Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға Атырау облыстық сотының судьясы А.Калимукашева, Б.Нұржанова, Г.Қарабалина, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ж.Жаксылык және соттың судьялары, Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің өкілдері қатысты.

Сотталушы мен жәбірленуші сотта татуласты

20/12/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотындаҚазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен сотталушы А.Ж.-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы А.Ж. «Атырау Агро Өнімдері» жеке шаруашылығының жұмысшылары жатахана ретінде орналасқан темір вагонның ішіне кіріп, жәбірленуші К.Д-ның алтын түсті «Самсунг Галакси АЗ» маркалы ұялы телефонын ұрлап, оқиға болған жерден қашып кеткен. 

Сотта «Медиация. Жетілдіру жолында» тақырыбынды брифинг өтті

20/12/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Медиация. Жетілдіру жолында»  тақырыбында брифинг өтті.

Брифинг барысында татуластыру рәсіміне жауапты судья А.Досмагамбетова медиация тәртібімен қаралған істерге тоқталды.