Архив событий

22/12/2016

Конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

22/12/2016

Конкурс комиссиясының шешімі негізінде  Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының төменгі бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

 

1.     Аманкосова Фариза Сагидуллаевна

2.     Косымбаева Асем Женисбековна

3.     Канцева Любовь Андреевна

 

Атырау қаласының №2 сотымен дөңгелек үстел өткізілді

22/12/2016

Атырау қаласының №2 сотымен «Жекеше айыптау істері бойынша туындайтын мәселелер» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді.

Аталған дөнгелек үстелге Атырау қаласы №2 сотының  судьялары, кәсіби медиаторлар Г.Марданова, Е.Неледов,  Атырау қалалық ІІБ-нің ЖПҚ басшысының орынбасары Р.Мажитов, Атырау қалалық ІІБ-нің №1 ҚПБ және №2 ҚПБ басшылары, учаскелік испекторлар қатысты.

Судьяға алғыс

22/12/2016

Атырау облыстық сотының төрағасы М.Ж.Бектұрғановтың атына «Infra Del Progects Kazakhstan» ЖШС-нің директоры Чаудхари Каушик Де атынан Алғыс хат келіп түсті.

Алғыс хатта автор Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ж.С.Хабаровқа өзінің  алғысын білдірген.

Медиация тәртібімен татуласуларына байланысты талап қоюшы өз талабынан бас тартты

22/12/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында талап қоюшы К.М.-ның жауапкер С.Б.-дан 1 400 000 тенге ақшаны өндіру, автокөлікті өзінің атағына аударуды міндеттеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы К.М. сотқа берген талап қою арызында жауапкер С.Б.-ның нотариуспен расталған кепілдік міндеттеме негізінде1 400 000 теңге ақшаны ортақ мүліктен төлеуге және «Nissan Primera» маркалы автокөлікті өзінің атағына аударуды өз міндетіне алғанын, бірақ орындамағанын айтқан.

Сот ерлі-зайыптылардың отбасын сақтап қалды

22/12/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотында талап қоюшы А.А.-ның жауапкер Е.Н.-ға неке бұзу туралы азаматтық ісі  қаралды.

Талап қоюшы А.А. сотқа талап арыз жолдап, онда жауапкердің өнегелі жұбайы екенін, тұрақты жұмыс жасайтынын, алайда үнемі финанс шығындарының есептерін беруді талап ететінін айтты.

Жұбайлар арасында осы жай бойынша жанжал туындап отырған.