Архив событий

23/12/2016

Судья А.Сериковаға алғыс айтылды

23/12/2016

Атырау қалалық сотының төрағасы А.Ермановтың атына азаматтық іс бойынша өкіл Б.Т.Аманбаевтан «Алғыс хат» келіп түсті.

Алғыс хатта автор Атырау қалалық сотының төрағасы А.Сериковаға зор ризашылық сезімін білдірген.

«Осы хатпен Қазақстан Республикасының сот жүйесіне және Атырау қалалық сотының судьясы А.Сериковағаісті жан-жақты, объективті тұрғыда қарап, әділ шешім шығарғаны үшін алғысымызды білдіргіміз келеді.

Жылыой аудандық сотында «Кәсіпқой емес медиаторлардың жұмысындағы медиация рәсімінің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті

23/12/2016

Дөңгелек үстелге Жылыой аудандық сотының судьясы, татуласу рәсімін үйлестіруші судья Ж.Аятов,  кәсіби емес медиаторлар Ж.Демесинов, Ж.Избергенов, Ә.Нәріков және ҮЕҰ-өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел басталуында судья Ж.Аятов, медиация – ерікті негізде дауды реттейтін сот құралы  болып табылатынын және белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін қолайлы екенін атап өтті.

Дәрігерді балағаттағаны үшін жазаланды

23/12/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының қаулысымен Т.Д. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылды.

Т.Д. 2016 жылдың қараша айында алкогольден масаң күйінде Жұмекен ауылында орналасқан өкпе аурулары ауруханасында емделушілер мен медициналық қызметкерлердің көзінше жәбірленуші дәрігер Ш.Г.-ға былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық әрекеттер жасаған.

Тұрғын үй кезегі қалпына келтірілді

23/12/2016

Атырау қалалық сотында арызданушы Г.А. жауапкер «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» М.М.-нің іс - әрекетін заңсыз деп тану және тұрғын үй кезегін қалпына келтіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Ішкі конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

23/12/2016

Конкурс комиссиясының шешімі негізінде  Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

1.       Салыкова Гульназ Ержановна

2.       Джаксибаева Айнур Асылбековна