Архив событий

06/12/2016

Көшеде қоқыс өртегені үшін айыппұл салынды

06/12/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен Б.А.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Б.А. Махамбет ауылындағы көше бойында қағаз қалдықтарын лақтырып, өртеген, белгіленбеген орындарға қоқыс тастап, ортақ пайдаланатын орындарды ластап, ұсақ бұзақылық әрекеттерін жасаған.

Сот отырысында Б.А. өз кінәсін толық мойындап,  ондай іс-әрекеті енді қайталамайтыны туралы жауап берген.

Бақытты отбасы болуға ештеңе де кедергі емес

06/12/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотында талап қоюшы О.М.-ның жауапкер З.Н.-мен неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралып, медиация тәртібімен қысқартылды.

Талап қоюшы сотқа берген талап арызында, жауапкермен  2006 жылдан бері заңды некеде тұрып жатқанын, ортақ некеден араларында кәмелет жасқа толмаған төрт балаласының барын, жауапкердің өзін сыйламайтынын, балалардың тәрбиесімен айналыспайтынын, бұрынғы жұбайымен ара-қатынасын тоқтатпай отырғанын, ішімдік ішетінін, отбасын сақтау мүмкін еместігін айтып, арызданған.

Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті студенттерімен кездесу

06/12/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ж.Жаксылык және  судья З.Байназарова мен Ж.Хабаров Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті студенттерімен кездесу өткізді.

Студенттер өздерін қызықтыратын сот қызметі мен сот отырыстарының жүргізілуіне байланысты сұрақтар қоюға мүмкіншілік алды, сонымен қатар барлық қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Қарақшылық шабуыл жасаған жігіт бас бостандығынан айырылды

06/12/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық соты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 192 бабының 2 бөлігінің 1-тармағымен айыпталған сотталушы М.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот отырысында сотталушы Н.А. өзіне тағылған айыпты толықтай мойындап, жасаған қылмыстық іс әрекетіне өкініп, кінәсін мойындап ішкі істер органына барғанын, өзін қатаң жазаламауды сұраған.

Тергеу изоляторында ақшаны жасырып өткізбек болған

06/12/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 481 бабы 1 бөлігімен азаматша Ж.Г.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға осы мекемелерде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған алкогольдік ішімдіктерді, дәрілік және есеңгірететін әсері бар басқа да заттарды, ақшаны, тамақ өнімдерін, бұйымдарды және басқа да нәрселердi жете тексеруден жасырып беру немесе кез келген тәсiлмен беруге әрекеттену.

Көршілер кикілжіңі сотқа жетті

06/12/2016

Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының 2016 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен азамат А.Ж. ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабы 1 бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

А.Ж  2016 жылғы 14 қарашада 20 сағат 30 минут шамасында алкгольден масаң күйінде Орлы ауылында өзімен көршілес тұратын жәбірленуші Г.С үйінде оған былапыт сөздер айтып,  ұсақ бұзақылық әрекеттер жасаған.                                                                            

Сотқа келмегені үшін 42 420 теңге айыппұл салынды

06/12/2016

Атырау қалалық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 653 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы С.Кожахаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, В.Кванның жауапкер «САДАЗ» ЖШС-не жалақы төлеу кешіктірілген кезең үшін айыппұлды және моралдық залалды өндіру туралы азаматтық ісі бойынша құрылтайшы ретінде сотқа шақыртылған құқықбұзушы С.Кожахаев шақырту хабарламаларын ала тұра, бірнеше рет сот отырысына себепсіз себептермен сотқа келмеуі іс-әрекеті сотпен сотқа құрметтемеушілік білдірілген деп бағаланды.