Сот шешімін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен құқықбұзушы А.С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы А.С. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап қоюшы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның пайдасына 2 901 496 теңге өндіру туралы сот шешімі бойынша берілген атқару парағын орындамаған.

Сот отырысында А.С. өзінің кінәсін мойындап, хаттамамен келісетінін, қазіргі уақытта жұмыста болмауына байланысты төлемегенін, алдағы уақытта төлеуге міндеттенетіндігін, сондықтан жеңіл жаза қолдануды сұраған.

Сот, істің мән-жайларын толықтай зерттеп, А.С.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 21 210 теңге айыппұл салды.

 Сот қаулысы заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі