Болашақ заңгерлерге қылмыстық іс бойынша көрнекі сот отырысы көрсетілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Төрағалық етуші Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Т.Нуримова және қылмыстық процеске қатысушылармен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297 бабының 3 бөлігінің 1,3 тармағымен айып тағылған М. және Е.-ге қатысты қылмыстық іс бойынша көрнекі сот отырысы көрсетілді.

Қылмыстық процеске Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері мен заң факультетінің мұғалімдері қатысты.

Жинақталған іс материалдары бойынша 2016 жылдың 4 қыркүйегінде шамамен 21.27 уақытта Индер поселкесінің бас алаңында М. және Е. ұсталған. Тексеру барысында олардан салмағы 5425 грамм есірткі заты, марихуанна алынған, яғни заңсыз сақталған және Қызылорда облысынан тасымалдаған. Кейін олар есіркі затын Ж.-ға 120 000 тенгеге сатып,  ҚК-нің 297 бабының 3 бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны анықталды.

Сот үкімімен азамат М. және Е. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге түзеу колониясының қатаң режимінде бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

Басты сот отырысы біткен соң судья Т.Нуримова «Есірткі, психотроптық заттарды заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды өткізу мақсатындағы жауапкершілік» тақырыбында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінң студенттері мен мұғалімдерімен түсіндірме жұмыс жүргізді.

Аталған сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі