Архив событий

10/07/2017

Дау партисипативтік рәсім тәртібімен шешілді

10/07/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында талап қоюшы Б.Е.-нің жауапкер «Тұрмыс қызмет» ЖШС-не жұмысқа қосу және моральдық шығынды өндіріп беру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта тараптардың қорғаушылары дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімге қол жеткізгендері жөнінде өтініш беріп, соттан келісімді бекітуді сұрады.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

10/07/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108 бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша азамат И.Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ганюшкин ауылының тұрғыны И.Б. жәбірленуші Ш.Ж.-ны ұрып-соғып, дене жарақаттарын келтіріп, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.

Сот процесінде тараптардың медиация тәртібімен бітімгерлікке келулеріне байланысты, жәбірленуші Ш.Ж. соттан қылмыстық істі қысқартып, медиациялық келісімді бекітуді сұрады.

Атырауда жүргізуші ғимараттың кіре беріс баспалдағына соқтығыс жасады

10/07/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен азамат А.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс материалдары бойынша, азамат А. «Салтанат сарайы» ғимараты ауласында «BMW 525i» маркалы автокөлігінің басқару жүйесін игере алмай, ғимараттың кіре беріс баспалдағына соқтығыс жасаған. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде жәбірленуші жеке кәсіпкер «К»-ге материалдық шығын келтірілген.