Мектеп медиациясы
Атырау облысының Жылыой аудандық сотында татуласу рәсімін үйлестіруші судья Ж.Аятовпен «Мектеп медиациясы: мәселелері мен келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған шараға Жылыой аудандық білім бөлімі мен аудандығы барлық мектеп директорлары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында мектеп медиациясының ұйымдастырылуы жан-жақты талқыланып, медиация кабинеттерінің ашылуына қатысты тиісті шараларды қолдану туралы келісім жасалды.