Архив событий

28/07/2017

Қызылқоға аудандық сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

28/07/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында соттың ашықтығы мен қолжетімділігін насихаттау мақсатында «Соттың ашықтығы халықтың сотқа деген сенімін нығайтады» тақырыбында жергілікті «Қызылқоға» газеті тілшілерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.

Сот процесі онлайн бейне-байланыс жүйесі арқылы өтті

28/07/2017

Инновациялық технологияларды кеңінен қолдану – сот ісін жүргізуді жетілдірудегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Сот отырыстарын бейнеконференц жүйесі арқылы жүргізу – көшпелі сот отырысын өткізбей-ақ  жүргізуді қамтамасыз етеді.

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған екі баланың үлкен апасының арызы бойынша, өзінің жұбайын өлтіргені үшін 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған әкесін ата-аналық құқығынан айыру туралы азаматтық іс қаралды.

Жолдас жігітін ұрып-соққаны үшін шартты түрде бас бостандығынан айырылды

28/07/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен сотталушы Г.Р. –ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы Г.Р. Махамбет ауданы Бейбарыс ауылының шетіндегі «ПСК» мекемесінің маңында жәбірленуші Х.С.-мен араларындағы жеке келіспеушілік негізінде жұдырығымен оның басынан ұрады. Ол құлаған кезде, денесінің әр жерінен тепкілеп тастайды.

Сотпен мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қанағаттандырылды

28/07/2017

Атырау қалалық сотында Т.К-ның «Атырау қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-не мүлікті тыйымнан босату туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотпен талап қоюшы Т.К. пәтерді электрондық сауда арқылы сатып алғаны, алайда жауапкердің тарапынан мүлікке бұрынғы иесінің мүлік  бойынша  салық берешегі үшін тыйым салынғаны,  сол себептен мүлікті өз атына мемлекеттік тіркеуден өткізуге кедергі келтіретіні анықталды.