Сотпен мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотында Т.К-ның «Атырау қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-не мүлікті тыйымнан босату туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотпен талап қоюшы Т.К. пәтерді электрондық сауда арқылы сатып алғаны, алайда жауапкердің тарапынан мүлікке бұрынғы иесінің мүлік  бойынша  салық берешегі үшін тыйым салынғаны,  сол себептен мүлікті өз атына мемлекеттік тіркеуден өткізуге кедергі келтіретіні анықталды.

Дегенмен талап қоюшы заңды негіздермен мүлікті иеленуге құқығы болғанмен, мүліктің мемлекеттік тіркеуден өткізілмегені салдарынан оның меншік иесі ретінде мүлікті иелену, пайдалану құқығынан айырылған.

Осы жағдайды ескеріп, сот талап қоюшының талабын толықтай қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі