Архив событий

18/07/2017

Ювеналдық сотта «Мектеп медиациясы: мәселелері мен келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

18/07/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Мектеп медиациясы: мәселелері мен келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға судья Ғ.Отарұлы және сот қызметкерлері, құқық қорғау органдары, ювеналдық полиция, Атырау облысы бойынша білім бөлімдері, білім беру мекемелерінің өкілдері және кәсіби  медиаторлар, жергілікті ақпарат құралдары «Қазақстан-Атырау» телеканалы өкілдері қатысты.  

Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

18/07/2017

Атырау облысының Жылыой  аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдары «Кең-Жылыой» газетінің тілшісі А.Долыбекованың қатысуымен 2017 жылдың 6 айында аудандық сотпен  атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша баспасөз конференциясы өткізілді.

Баспасөз конференциясында сот төрағасы Б.Жұмабаев статистикалық мәліметтерге, істер санаттары туралы және қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өткен жылдың мезгілімен салыстыру көрсеткіштеріне тоқталды.