Архив событий

01/08/2017

Жылыой аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

01/08/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында «Сот отырысына мәжбүрлеп әкелу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға  сот төрағасы Б.Жұмабаев, судьялар, аудан прокурорының орынбасары С.Есмұханова, аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы С.Доржиков және полиция қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында судья А.Асалов «Мәжбүрлеп жеткізу» тақырыбында баяндама оқыды.

Қоғамдық тәртіпті бұзған азаматқа айыппұл салынды

01/08/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық) азамат М.-ға қатысты сәйкес әкімшілік іс қаралды.

№ 4 қоғамдық көлігінің жүргізушісі құқықбұзушы М. Атырау қаласы Сатпаев көшесі, Абай аялдамасында жолаушы Е.-ге балағат сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп,  қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот қаулысымен азамат М. кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 22 690 тенге айыппұл жазасы тағайындалды.