Архив событий

22/08/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы облыстық радиода сұхбат берді

22/08/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ф.Ансариева «Қазақстан-Атырау»100.2.ҒМ радиосына«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбында эфирге шықты.

Судьялар мен прокурорлар "Прокуратура туралы" жаңа заңды талқылады

22/08/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ғимаратында Атырау облысы прокуратурасының қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында ҚР Конституциясына өзгеріс енгізу аясында «ҚР Прокуратурасы туралы» жаңа заңды талқылады.

Басқарма басшысы А.Қарағожиев аталған заңның қағидалары прокуратура мемлекеттік мекемесінің біріңғай бағдарламасы басты назарда болатынын айтып өтті.

Мас жүргізуші 20 тәулікке қамаққа алынды

22/08/2017

Қызылқоға аудандық сотында «Автокөлік басқару құқығы жоқ адам бола тұра, көлікті алкогольдік мас күйде басқарған құқықбұзушы А.Қ.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат А.Қ. өзінің «Камаз» автокөлігін басқару құқығы жоқ адам бола тұра,  2017 жылдың 05 тамыз күні Тасшағыл селосындағы жолда «Камаз» автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарған.