Сот табиғи газды пайдаланғаны үшін берешек соманы төлету туралы шешім шығарды
«КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның К.С.Куспанова жеке кәсіпкерінен 51 415 069 теңгені өндіру туралы сотқа талап арызбен жүгінді. Талап арызда анықталғандай талап қоюшының табиғи газды пайдаланғаны үшін берген талаптарын жауапкер орындамаған.
Талап қоюшы өкілінің түсініктемелерін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, дәлелдемелерге баға беріп, сот, талап қоюшының талабын төменде көрсетілген негіздер бойынша қанағаттандыру қажет деген тұжырымға келеді.