Махамбет аудандық сотында атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Махамбет аудандық сотында 2017 жылдың екінші жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асырудағы аудандық сотпен атқарылған жұмыстар туралы аудандағы БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

Аудандық соттың төрағасы Б.Қадырғалиев мәжілісті ашып, 2017 жылдың екінші жартыжылдығынд атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты және статистикалық мәліметтерді тізбектеді. Атап айтқанда ол азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істердің көрсеткіштерін былтырғы жылдың көрсеткіштерімен салыстырмалы түрде баяндады.

Төрағаның мәліметінше аудандық соттың іс жүргізуіне  2017 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істер бойынша 34 адамға қатысты 34 қылмыстық іс түсіп, барлығы 34 адамға қатысты 34 қылмыстық істер есептік мерзімде қаралып аяқталған. 10 адамға қатысты 10 қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылған.

Азаматтық істер бойынша: 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында сот өндірісіне барлығы 225 іс түскен. 16 іс медиация тәртібімен қысқартылған. Әкімшілік істер бойынша 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 292 әкімшілік істер қаралып аяқталған. Сот жұмыстарын ұйымдастыру және құқықтық насихат жұмыстары бойынша 2017 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес орындалған шараларға, сонымен қатар электронды-цифрлы қолтаңба, «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі арқылы түскен арыздар, дыбыс және бейне жазба қондырғыларын қолдану арқылы қаралған істер көрсеткіштеріне тоқталып, түсінік берілді.

Соңында спикер тілшілердің қосымша сауалдарына нақты жауаптар берді.

 

Источник: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі