2017 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Индер аудандық сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.

Сот төрағасы Д.Тұхфатова өз баяндамасында статистикалық деректерге тоқталып, 2017 жылдың 6 айында Индер аудандық сотымен барлығы 28 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде үкім шығарумен 15 іс, жәбірленушімен татуласуына байланысты қысқартып қаулы шығарумен 10 іс, оның ішінде медиация тәртібімен 10 іс аяқталғанын, сонымен қатар, сотпен 220 азаматтық іс және 174 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралғанын баяндады. Қаралған істердің ішінде  43 азаматтық іс татуластыру рәсімдерін қолданып аяқталды, оның ішінде медиация тәртібімен 26 іс, партисипативтік тәртіппен 3 іс, 14 іс бітімгершілік келісім бекітілуімен аяқталды.

Айта кететін жәйіт, биылғы жылы татуластыру рәсімдерін қолданумен аяқталған істердің саны былтырғы жылмен салыстырғанда анағұрлым өскені байқалған, бұл дегеніміз «100 нақты қадам» ұлттық жоспарының – сот жүйесінің оңтайландыру жөніндегі талабының орындалуы деп бағаланады.

Сонымен қатар, сот жүйесінің қолжетімді және ашық болуы мақсатында Индер аудандық соты жаңа ақпараттық технологияларды барынша іс жүзінде пайдалануда. Мәселен, қаралған істердің барлығы дыбыс-бейне жазба қондырғысын пайдалану арқылы қаралған, яғни ашықтық 100 пайызға жетіп отыр, ал «Сот кабинеті» электрондық сервисы арқылы түскен электрондық арыздар саны 220-ны құрап отыр, яғни түскен 220 арыздардың ішінен 100 пайызын құраған.

Шараның қорытындысы бойынша сот төрағасы қатысушыларға барлық туындаған сұрақтар мен сауалдарына жауап беріп, барлық қатысушыларды статистикалық мәліметтермен таныстырып, оларды соттың тарапынан ұйымдастырылатын шараларға белсенділік танытып, қатысуға шақырды.

Қайнар: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі