Акелікті анықтау және алимент өндіру туралы даулы іс бойынша сот медиацияны қолдану арқылы тараптарды татуластырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкелікті анықтау және алимент өндіру  туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарады.

Сот тараптарға дауды медация тәртібімен азаматтық істердің жекелеген санаттары бойынша сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаға қатысуға мүмкіншілік туралы хабарлама жолдады.

Пилоттық жоба шеңберінде тараптар медиацияны судьямен өткізу туралы өтініш білдіріп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынды. Сот медиациялық келісімді бекітіп, істі өндірістен қысқартты.

Айта кету керек, ағымдағы жылы Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен

әкелікті анықтау, алимент өндіру туралы даулар бойынша 19 азаматтық іс негізінен қаралып, оның ішінде 8 іс медиациялық келісіммен аяқталды. 

Источник: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі