Алқабилер соты айыптау үкімін шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында педофилға қатысты үкім шықты.

Сот талқылауы барысында анықталғандай, 2017 жылдың 17 сәуірі күні Атырау қаласы, Мирный ауылында мас күйдегі К. үйдің жанындағы 9 жасар Э.-ны көреді. Содан оны ұстап алып, қорыққан қызды бейіт жаққа апарып, оны зорламақшы болған.

Алайда қыз зорлықшыдан қашып құтылып, үйіне қарай жүгірген.   

К.-нің кінәсі сот тергеуі кезінде зерттелген дәлелдемелермен және куәлардың жауаптарымен дәлелін тапты.

Іс алқабилердің қатысуымен қаралды.

Сот үкімімен, сонымен қатар алқабилер вердиктімен К. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігімен, 120-бабының 4-бөлігімен (көрінеу жас баланы зорлауға оқталу) кінәлі деп танылып, оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза өтеу орны ретінде қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелері (қатаң режим) белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі