Алкольдік мас күйінде куәландырудан бас тартқаны үшін 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Атырау  қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен алкольдік мас күйін куәландырудан бас тарту фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, азамат Т. «Toyota Camry» маркалы көлігімен Атырау қаласы Құрмангазы көшесі «Golden Palace» мейрамханасы тұсында Жолжүрісі Қағидаларының 2.1- талабын сақтамай, көлік құралын басқару құқығынан айырылған түрде полиция қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес, алкогольдік куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамаған.

Сот қаулысымен азамат Т. Қазақстан Республиксының ӘҚБтК 613 бабының 7 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар