Ата - ана арасындағы дау медиациялық келісіммен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында балалардың тұрғылықты жерін анықтау турасындағы дау бойынша 20 азаматтық іс қаралып, оның 16-сы медиация тәртібімен аяқталған.

Сот тәжірибесінде негізінен жұбайлардың некелері бұзылған кезде сот шешімімен балаларының тұрғылықты жері  анасымен  белгіленіп, әкесімен  ұдайы кездесіп тұрады.

Ювеналдық сотта судья Н.Искакованың төрағалық етуімен азаматтық іс қаралып, онда анасы 2007 және 2011 жылы туылған балаларының тұрғылықты жерін анасымен белгілеуді сұраған. Өзі көкжөтел дертімен ауырып, сот шешімімен балалары әкесінің тәрбиесіне алынған. Анасы ұзақ уақыт бойы емделіп, ауруынан айыққан соң соттан балаларын өз тәрбиесіне қайта беруді сұрайды.

Істі сот қарауына дайындау барысында ана-аналар медиатордың көмегімен келісімге келіп, балалары демалыс күндері әкесімен кездесіп тұруға, ал жазғы демалыс уақытында үнемі әкесімен бірге тұратын болып келіседі.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі