Ата - ана арасындағы дау медиациялық тәртіпте шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жұбайлар некелері бұзылғаннан кейін, яғни ажырасқаннан балалары кейін олардың бірімен, негізінен анасымен бірге тұратын болып белгіленіп,  әкесімен ұдайы кездесіп тұрады. Әке мен балалардың кездесуі жиілігі әр түрлі жағдайға байланысты.

Егер атан-ана кездесуге құқықтары бойынша өзара келісімге келе алмаған жағдайда,  өз құқықтарын қорғап сотқа жүгінуге мәжбүр болады. Бұл жағдайда, сот алдында баланың басым мүддесіне сай келетін қиын мәселені шешу міндеті тұрады.

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Атырау қаласы қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге  асыратын органының  өкілі К.А.-ның қатысуымен азаматтық іс қаралып, онда талап қоюшы өзінің бұрынғы жұбайы ажырасқаннай кейін оның ата-аналық құқығын жүзеге асыруына кедергі келтіретіндіктен, балаларымен кездесу уақытын белгілеуді сұраған.

Сот отырысы барысында төрағалық етуші судья Ғизатолла Отарұлы тараптарға дауды татуластыру рәсімдерін қолдану жолымен шешу мүмкіндігін түсіндірді.

Нәтижесінде, тараптар балалардың мүддесін ескере отырып, медиатор ретінде судьяны таңдап, медиация тәртібінде келісімге келіп, дауды екі тарапқа да тиімді тәсілмен шешті.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі