Атырау қалалық сотында адвокатқа қатысты әкімшілік жаза тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотында Ж-ның арызы бойынша жер учаскесіне меншік құқығын сатып алу –сату шартын жарамсыз деп тану туралы азматтық іс қарау кезінде  талапкердің өкілі М-ны сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

2017 жылдың наурыз айының 3-де сағат 10.31-дегі сот отырысында талапкердің өкілі М.-ның ұялы телефонына қоңырау соғылды. Іс барысында  төрағалық етуші судья Ж.Жумалиева ескерту жасап, күту залына кірер алдында ұялы телефонды арнаулы жәшіктерге тапсыру қажеттігін түсіндірді.

2017 жылдың наурыз айының 10-дасағат 15.10 шамасында азаматтық  іс қарау барысында М.-ның ұялы телефонына тағыда қоңырау шалынып,ұялы телефонын жәщікке салу үшін сол себептен сот отырысын кейінге қалдырды. Cот отырысы залында құқық бұзушы М. бірнеше рет сөздерін үзіп, процесстің басқа да қатысушыларының пікірлерін талқылап отырды, сот отырысында төрағалық етушінің ескертулеріне құлақ аспады, осылайша төрағалық етушінің сот мәжілісінде айтқан өкімдеріне бағынбай, сотта белгіленген ережелерді бұзды.

Сотта қорғаушы М. өз кінәсін мойындап, сот отырыс залына асыққанын және ұялы телефонын арнаулы жәщікке салуды ұмытып кеткенін түсіндіріп, судьяның ескертуін ескерусіз қалдырмағанын айтты.

Сот қаулысымен М. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  45 380 теңге әкімшілік айыппұл тағайындалды.  

Қайнар: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі