Атырау қалалық сотында сот мамандарымен семинар-тренинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотында сот мамандары және кеңсе меңгерушісінің қатысуларымен АЖ «Төрелік істерді автоматтандырылған бөлу» тақырыбында  семинар-тренинг өткізілді.

Семинарды Атырау қалалық сотының төрағасы А.Ерманов жүргізді.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша АРД қағидасының талаптары,  «Төрелік» АЖ автоматтандырылған бөлу қағидалары және статистикалық мәліметтердің дұрыстығы және сапалы толтырылуы, азаматтық істерді қарауда нәтижелері мен қозғалысы бойынша туындайтын бірқатар мәселелер ортаға салынып, талқыланды.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі