Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Атырау» газетінің тілшілерінің қатысуымен брифинг өтті.

Сот төрағасы Ж.Жаксылык 2017 жылдың 1-тоқсан қорытындысына тоқталып, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 2278 әкімшілік іс түсіп, 2246 іс қаралғандығы туралы хабардар етті.

Оның 19-ы ескерту, 1135 әкімшілік айыппұл, 416 әкімшілік қамаққа алу және 263 көлік құралдарын басқару құқығынан айыру, 201 тұлғаны Қазақстан Республкасының аймағынан шығару жазалары тағайындалды.

Сот төрағасы сот төрелігінің сапасын жақсарту, судьялар мен кеңсе қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, соттардың ашықтығын қамтамасыз ету бағытында дөңгелек үстелдер мен ашық есік күндерінің БАҚ өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізіліп жатырғандығын айтып өтті.

Источник: 
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі