Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары және мамандары «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Мектепке жол» акциясының мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мектепке дайындығына көмек көрсету.           

Шара барысында  аз қамтылған отбасылар санатына жататын көп балалы анаға  қайырымдылық көмек көрсетіліп, сот ұжымы қызметкерлерінің атынан аталған отбасының балаларын алдағы келе жатырған оқу маусымына дайындалу үшін керек-жарақтарын алуға қаржылай көмек ұсынылды.

Кездесу барысында көпбалалы ана сот ұжымына ризашылығын білдіріп, жұмыстарын табыс тіледі.

Источник: 
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі