Атырау облыстық соты «Инновациялық жобаларды үздік қолдаушы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотында ақпараттық алмасу бөлігінде құрылымдық ынтымақтастықты жақсарту мақсатында Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті басқармасының, жеке сот орындаушылар аймақтық палатасының, Атырау облысы бойынша Әділет Департаментінің өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті

Шараны ашқан Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Бибігүл Жолдаспаева бұл шараның мақсаты сот ісін жүргізуде ақпараттық жүйені қолдануды айқындау, сонымен қатар, Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің инновациялық жобаларын таныстыруға арналатынын атап өтті.

Кездесу барысында қатысушылар қалыптасқан тәжірибеде кездесетін ақпараттық жүйелердегі жұмыс бойынша өзекті мәселелер, соның ішінде сот қызметкерлерімен сот акітерін орындауға жолдау кезінде алғашқы  мәліметтердің дұрыс толтырылуы және олардың тиісінше сот орындаушылармен электронды режимде дұрыс қозғалуы  талқыға салынды.

Семинарлық талқылау барысында Бас прокуратураның ҚС және АЕАК басқармасы бөлім басшысының м.а. Айгүл Апсалямова Атырау аймағының сататистикалық мәліметтеріне ықпал ететін, ҚС және АЕАК-нің ақпараттық жүйелерін жүйелі пайдалану мақсатында ашық келіссөздер жүргізе отырып, сот және құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерін таныстыруға мүдделі екендіктеріне назар аударды.

Сонымен қатар, А.Апсалямова өз баяндамасында атқару-есептік құжаттарын толтыру бойынша жиі туындайтын мәселелерді айтып, оларды ақпараттық жүйеге енгізу тәртібін көрсетті.

Шара соңында ҚС және АЕАК басқармасының бөлім басшысының м.а. А.Апсалямова «Инновациялық жобаларды үздік қолдаушы» номинациясында Атырау облыстық соты жеңіске жеткені үшін Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Б.Жолдаспаеваға грамотаны табыс етті.

Источник: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі