Атырау облыстық сотында әкімшілік заңдылықтың қолданылу мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотында Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен «Көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға облыстық сот судьялары, әкімшілік соттың судьялары, облыстық прокуратура, ішкі істер департаменті өкілдері қатысты.

Шараны мамандандырылған әкімшілік соттың төрағасы Жасұлан Жақсылық ашып, барлық қатысушыларды дөңгелек үстел бағдарламасымен таныстырды.

Шара барысында әкімшілік сот төрағасы полиция қызметкерлерімен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасақталған кезде жіберілетін қателіктер, әкімшілік хаттамалардың толтырылу формасы мен мазмұнының сақталмауы туралы айтып өтті.

Баяндамашы дәлелдің жеткіліксіз болуына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің қысқартылу сот тәжірибесінен мысалдар келтірді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

Источник: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі