Атырау облыстық сотында менторлық бойынша тренинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотында аймақта менторлық институтты дамыту мақсатында менторлар мен протежелерге арналған оқу тренингі өтті.

Тренингке судьялық менторлық бағдарламасына қатысушы қалалық соттардың судьялары қатысты.

Тренинг барысында менторлық бойынша бағдарламаның үйлестіруші судьясы А.Калимукашева судьялардың менторлық бағдарламаға қатысуы жас судьялардың кәсіби қызметтерінде қалыптасуына, жүріс-тұрыс әдеп нормаларының дамуына және сот жұмысы процесінде психологиялық қолдау көрсетуіне септігін тигізетінін атап өтті. Өткізіліп отырған тренингтің мақсаты – ментор-протеже қарым-қатынас процесіндегі коммуникативтік дағдыларды дамыту.

Тренинг барысында қатысушылар ситуациялық тапсырмаларды шешіп, ментор мен протеже арасындағы қарым-қатынастың жағымды және жағымсыз кезеңдерін плакатқа сызып көрсетті, ментор үшін кәсіби қолдау көрсету бойынша бастаманы жасақтады.

Тренинг барысында ментор-протеже жұптары менторлық сағатты айқындады.

Шара соңында қатысушылар аталған тренингтің жас және тәжірибелі судьялар жұмысына сөзсіз көмегін тигізетінін айтты.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі