Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісі «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін аттестациялаудың екінші кезеңін бастады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінде «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін аттестациялаудың екінші кезеңі басталды. Бұл жолы мемлекеттік қызметшілерге өз кәсіби құзіретін әңгімелесу арқылы дәлелдей түсу қажет. Аттестациялық комиссия 130 дан астам қызметкерді тыңдайтын болады. Әңгімелесу 3 күнге созылады.

Аттестациялық комиссия құрамында: комиссия төрағасы – Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Г.Жұмағалиева, мүшелері –  «Мұнай Газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіптік Кеңесі» ҚБ-нің Атырау филиалы төрағасы, қалалық мәслихат депутаты С.Рахимова, отставкадағы судья С.Жумалиева, «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ филиалының директоры, «I-Tech-Atyrau» ЖШС РАО бас директоры Г.Марданова, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-нің азаматтық құқық пәндері кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., профессор А.Тұрдалиев. Бақылаушы ретінде отставкадағы судья Б.Файзуллина қатысуда.

Нәтиже бойынша аттестациялық комиссиямен мекеме қызметкерлерінің әрі қарай қызметін жалғастыру мәселесі шешіледі. Сәтті тапсырғандар өз лауазымдарында қалуға немесе мансап баспалдағы арқылы көтерілуге мүмкінді бар. Тиісінше сәтсіз тапсырғандарға лауазымынан төмендетілу немесе жұмыстан шығаруға ұсыныс алу қауіпі бар.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі