Атырау облысының Исатай аудандық сотында «Мектеп медиациясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Исатай аудандық сотында «Мектеп медиациясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудандық соттың судьясы Е.Абдраманов, «Қазақстан-Атырау» телеарнасының Исатай ауданы бойынша өкілі Е.Шеруенов, «Нарын таңы» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Ә.Құбаева, Исатай аудандық білім бөлімінің өкілдері С.Беркалиева, Ж.Телешова, Исатай ауданы прокурорының орынбасары Ж.Жұмағазиев, жергілікті поиция қызметінің бастығы А.Хисметуллин, кәсіпқой емес медиаторлар - А.Мұқамбетов, Г.Кабулова, «Жас ұлан» қоғамдық бірлестігінің директоры Г.Хисметуллина, "Нұр Отан" партиясының Исатай аудандық филиалының өкілі Н.Құттыбайұлы қатысты.

Отырысты Атырау облысының Исатай аудандық сотының татуласу рәсімдері бойынша және Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бойынша үйлестіруші судьясы Е.Абдраманов ашып, «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2011 жылғы 28 қаңтарда қабылданғанын, осы Заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтінін, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайтынын атап өтті.

Медиацияның мақсаттары – дау-жанжалды шешуді медиацияның қатысушыларын қанағаттандыратын жағдайға қол жеткізу, дауласушылық деңгейін төмендету.

Аталған Заңның талаптары елімізде, оның ішінде сот жүйесінде кеңінен қолданылуда. Бұған Елбасымыз, Жоғарғы Сот басшылығы тарапынан үлкен мән беріліп отырғанын, сондай-ақ осы татуласу рәсімі басқа елдерде де кеңінен қолданылып жатқанын, мысал ретінде мектеп медиациясына тоқталып кетуге болатынын айтты.

Осы ретте, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Болгариядағы Софья университетінің профессоры Татьяна Дронзинаның 2017 жылғы 14 маусымда өткізген «Мектеп медиациясы: мәселелері мен келешегі» тақырыбы бойынша сарапшы кездесуінің материалдарын жұмыста қолдану үшін жергілікті соттарға жолдағанын, онда мектеп медиациясының пайда болуы, «Еуропалық одақтағы» мектеп медиациясы, жинақтаған тәжірибелері туралы сөз етілгенін, Софья университетінің профессоры Татьяна Дронзинаның пікірінше «Мектеп медиациясы» сонау 1970 жылдарда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының мектептерінен бастау алғанын, мақсаты – адам құқықтары мен зорлық-зомбылыққа қарсы күрес болып табылатынын атап өтті.

1970 жылдардың соңында АҚШ-тың бір топ оқытушылары «Оқытушылар әлеуметтік әділдік үшін» атты ұлттық ассоциация құрған. Олар алдарына «Білім саласы бейбітшілік үшін» деген мақсат қойып, жұмыс істеген. Содан кейін АҚШ-тағы мектептерде «Дау-дамайды шешу жолдары» пәнін оқу жоспарына енгізеді. Оның тиімділігі мен пайдасының болуынан осы тәжірибе әлемнің басқа мемлекеттеріне кеңінен тараған. Мектеп медиациясы әкімшілік санкция баламасына жатпайды. Мектеп медиациясына мектептегі мұғалімдер мен оқушылар белсенді түрде қатысып, арнайы семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіледі, мектептерде медиация бойынша кабинеттер ашылып, жабдықталған. Мектеп директорлары мен мұғалімдер мектеп медиациясын кеңінен оқып, үйреніп, оны қолдану бағытында арнайы курстарда оқиды, курсты бітіріп келген соң медиация кабинеттерін басқарады. Ал мектеп оқушылары жазғы демалыс лагерьлерінде болып, онда мектеп медиациясын үйренеді. Кеткен шығындары мектептің есебінен төленеді. Мұғалімдер мен оқушылар курста, лагерьлерде мектеп медиациясын оқыған соң, нәтижесінде дауды шешу үшін медиатор ретінде қатыса отырып, емтихан тапсырған және оларға тиісті сертификаттар тапсырылған. 

Осы материалдарды қатысушыларға ақпарат ретінде ұсына отырып, мектеп медиациясы уақыт қажеттілігі бойынша өмірімізге еніп отырғандықтан, алдағы уақытта мектеп медиациясын еліміздің мектептерінде де енгізу қажеттігін, ол үшін қоғам болып барынша атсалысу қажеттігіне назар аударылды.

Іс-шара соңында қатысушылар жаңа институтты қалыптастыру бойынша ой-пікірлерімен бөлісті.

Источник: 
Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі