Атырау облысының соттары сенбілік өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотының судьялары мен сот қызметкерлері аудандық сот ғимаратына тазалық жұмыстарын жүргізіп, сенбілік ұйымдастырды.

Сенбілікте ғимарат ауласындағы жасыл желектер сәндеп кесіліп, әктеліп, қысқы қоқыс қалдықтарынан тазартылды.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында көктемгі сенбілік өткізілді.

Сот аумағын тазалау іс шарасында сот қызметкерлері және кеңсе меңгерушісі қатысты. Сенбілік барысында талдар, жол жиектемелері ақталып, қоқыс жиналып, көлік қоятын тұрақ және жұмыс орындар тазаланды.

Атырау облысының Исатай аудандық сотында төраға А.М.Мағзомованың басшылық жасауымен сенбілік өткізілді. Аталған сенбілікке судьялар, кеңсе меңгерушісі мен мамандар және қызметкерлер қатысты.

Бекітілген ішкі кестеге сәйкес, аудандық соттың ғимаратындағы жұмыс бөлмелері, мұрағат, сот залында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, соттың ауласы мен шарбағының сыртындағы келушілерге арналған автотұрақ сыпырылды және қоқыс-қалдықтан тазаланды. Шарбақ сырланды. Азынақта желден қорғап, ыстықта саялы көлеңке болатын ауладағы қарағаштар мен жеміс ағаштары бұталып, ағаштардың түбі қопсытылып, тыңайтқыш себіліп, ағаштар ортаң белге дейін әкпен ақталды.

Атырау облысы Индер аудандық сотының кеңсе қызметкерлері сенбілік өткізді. Сенбілікке аудандық соттың  ұжымы бір кісідей жұмылып, тазалық жұмысына белсене қатысты.

 Бұл күні қызметкерлер құрал-саймандарымен жаңа ғимарат маңында жиналып қалған қоқыстарды жинастырып, аула ішін тазартып, ағаш түптерін ақтап, темір қоршауларды сырлап, арнайы белгіленген жерлерге жас ағаштардың  көшеттері отырғызылды. 

Источник: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі