Атырау соттарында «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасы іске қосылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Атырау облысының соттарында «Электрондық қылмыстық іс» электрондық жүйесі бойынша пилоттық жоба өз жұмысын бастады.

Осыған орай,  Атырау қаласының №2 және Жылыой аудандық соттарында облыс судьяларының, прокуратура, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Департаменті және ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуларымен кездесулер өтіп, онда қылмыстық сот ісін жүргізудің жаңа электрондық жүйесі таныстырылды.

Кездесуде Атырау қаласының №2 сотының төрағасы Айгүл Ташенова аталмыш жаңашылдықтың артықшылығына тоқталып, оның ерекшелігі  ендігі уақытта алу немесе күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану түріндегі тергеу әрекеттерінің құжаттары электронды алмасу арқылы жүзеге асатынын айтты.

Сонымен қатар, аудан орталығындағы кездесуде сөз алған Жылыой аудандық сотының төрағасы Болатбек Жұмабаев аталған жүйенің қылмыстық процес сапасын көтеру және жеңілдетуге бағытталып, құқық қорғау органдары мен ел халқының қарым-қатынасының ашықтығын қамтамасыз ететінін атап өтті.

«Аталған жүйенің интеграциясы сәтті басталды және ең жақсы қорытынды көрсетеді деген үміттеміз» - деді Б.Жұмабаев.

Іс-шара барысында прокуратура өкілдері лэд-экран арқылы «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасы функцияларын көзбе-көз таныстырды.

Айта кетерлігі, аталмыш жүйе Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Ішкі істер министрлігінің Бірлескен бұйрығына сәйкес енгізілген болатын. Қылмыстық сот ісін жүргізуге сандық технологияларды енгізудің басты мақсаты, бұл оның ашықтығын арттыру, қылмыстық процесстің мерзімін қысқарту, сонымен қатар, қағаз құжат айналымы шығындарын оңтайландыру болып табылады.

Источник: 
Атырау қаласының №2 сотының және Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметтері