Атырау тұрғыны анасымен жанжалдасқан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 2 бөлігіменқұқықбұзушы А.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы А.Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 05 сәуір 2016 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабы 2 бөлігімен әкімшілік жазаға тартыла отырып, 24 наурыз 2017 жылы мас күйінде үйінде бірге тұратын анасы М.-ның ар-намысына тиетін сөздер айтып, ұрыс шығарып, мазасын алып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында құқыққа қарсы әрекет жасаған.

Құқықбұзушы  А. сотта  кінәсін мойындады.

Сот қаулысыменА. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 73 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып,10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Источник: 
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі