Атырауда өз жерлесін өлтірген Өзбекстан азаматы сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) қылмыс жасаған У.К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматтары У.К. және С.Г. Атырау қаласында құрылыс жұмыстарымен айналысқан. 2016 жылдың 12 қарашасында олар бірге спирттік ішімдік ішіп, артынша жерлестер арасында дау туындап, арты төбелеске ұласқан.

Төбелес барысында сотталушы У.К. С.Г.-ға пышақ жарақатын келтірген, артынша құрылыс қайшысын алып, онымен жәбірленушіге бірнеше дене жарақатын салып, қылмыс орнынан бой тасалаған.

Алған жарақаттар салдарынан жәбірленуші С.Г. оқиға орнында қаза болған.

Басты сот талқылауында айыпталушының кінәсі дәлелденді.

Сот үкімімен сотталушы У.К. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге түзеу колониясының қатаң режимінде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.                                                                                                          

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі