Атырауда заң факультетінің студенттеріне экскурсия өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотында судьялардың VII съезінің қорытындысы бойынша қоғамды құқықтық тәрбиелеу негізінде тапсырмаларды тәжірибеде жүзеге асыру мақсатында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесу өтті.

Аталған шараға Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Г.Жұмағалиева, БАҚ-пен өзара байланысты үйлестіруші судья М.Черняховская, Атырау қалалық сотының судьясы С.Ноғаев, оқытушы У.Кайрова және жоғарғы оқу орнының студенттері қатысты.

Кездесу барысында Г.Жұмағалиева мен М.Черняховская студенттерді облыстық соттың кеңсе жұмысымен, мұрағатпен таныстырып, оларды сот отырысы залдарына апарып, сот мұражайын көрсетті.

Г.Жұмағалиева Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіріп, сот жүйесінің Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды жүзеге асыру шеңдеріндегі  сот жүйесіндегі реформаларға нақтырақ тоқталып, сот өндіріне жаңа инновациялық технологияларды енгізу туралы айтып берді.  

Заң факультетінің студенттері судья кәсібі жөнінде сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды.

Студенттермен әңгімелесу кезінде судья М.Черняховская судья лауазымына кандидаттарға қойылатын талаптармен таныстырып, судья лауазымына кандидаттардың квалификациялық емтихан тапсыру тәртібін түсіндіріп, оларды  азаматтық және қылмыстық заңдылықтарға енгізілген өзгертулермен таныстырды.

Ол өзінің қалай судья болғанын айтып, сот тәжірибесіндегі қызықты кезеңдерімен бөлісті.

Судья С.Ноғаев азаматтық дау бойынша сот процесінен көрініс өткізіп, бірінші саты сотының қызметіне, сотқа түсіп, қаралатын істер санаттарына тоқталды.

Шара соңында болашақ заңгерлер өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, оларға жауап алды.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі